Ақпарат күні «Әйелдер күні: жаңа әйелдер прозасы»
28 қыркүйек күні №16 кітапхана-филиалында «Әйелдер күні: жаңа әйелдер прозасы» атты Ақпарат күні өткізілді. Іс-шара барысында пайдаланушылар «Шахтинск ОКЖ» КММ жаңартылған сайтының қызметтері мен ресурстарымен танысты. Оқырмандар назарына «Жаңа әйелдер прозасы» атты әдеби шолу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Отбасылық жүрекжарды хикая» атты кітаптық сторителлинг өткізілді. Бұл шара барысында кітапханашы 12 тамаша отбасылық дастан жайлы әңгімелеп берді. Іс-шара аясында «Бірінші сынып оқушысына қалай көмектесуге болады: ата-аналарға арналған 10 кеңес» атты коучинг те өткізілді. Мектептегі алғашқы оқу жылы – бүкіл отбасы үшін үлкен сынақ. Себебі дәл осы кезеңде бірінші сынып оқушысы мектеп талаптарына бейімделіп, тәртіп пен оқу дағдыларын меңгереді. Бұл уақытта балаға ерекше назар, қолдау, мақтау, ата-анасының қатысуы мен бақылауы өте қажет. Ата-аналарға бұл күрделі кезеңді баламен бірге жеңіл әрі тиімді өткеру үшін коучинг барысында баланы мектеп өміріне бейімдеуге көмектесетін 10 маңызды кеңес берілді.