«Балалар зерікпеуі үшін газеттер мен журналдар бар» кітапхана сабағы.
30 қыркүйекте №16 кітапхана - филиалының қызметкерлері №11 ЖББМ КММ 4-сыныбы үшін «Балалар зерікпеуі үшін газеттер мен журналдар бар» атты кітапхана сабағын өткізді. Сабақ барысында кітапханашы оқушыларға «периодика», «мерзімді басылымдар» ұғымдарын түсіндіріп, «газет» сөзінің шығу тарихы туралы айтып берді. Сонымен қатар, кітапханаға тұрақты түрде келіп түсетін балалар журналдарымен таныстырды. Сабаққа ерекше қонақ – Пошташы Печкин келіп, балаларға жаңа балалар журналдарын алып келді. Ол журнал мен газеттің құрылымы туралы түсіндіріп, журналдарды дұрыс оқу бойынша жадынамалар таратты. Оқушылар түрлі қызықты ойындарға қатысты: «Эмодзи арқылы журнал кейіпкерлерін тап», «Журналдағы кроссвордты шеш». Сондай-ақ балалар «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтына виртуалды саяхат жасап, оның мүмкіндіктерімен танысты.