«Бірлік пен келісім – Қазақстанның алтын қазынасы» Әңгімелесу

21.10.2025 17:02 Администратор библиотеки
«Бірлік пен келісім – Қазақстанның алтын қазынасы» Әңгімелесу

18 қазан күні №16 кітапхана-филиалында №11 ЖББМ КММ оқушылары үшін Рухани келісім күніне арналған «Бірлік пен келісім – Қазақстанның алтын қазынасы» атты әңгіме сағаты өтті. Кітапханашы қатысушыларды осы маңызды күннің тарихымен таныстырып, оның қоғамдағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтудағы маңызын атап өтті. Әңгіме барысында қазақстандық бірліктің негізінде жатқан құндылықтарға – зайырлылыққа, мейірімділікке, кешірімділікке және сан алуандыққа құрметпен қарауға ерекше назар аударылды. Қатысушылар еліміздің діни және этникалық алуандығы туралы мағлұмат алып, түрлі мәдениеттердің, діндердің және ұлттардың бейбіт қатар өмір сүруі Қазақстанның шынайы «алтын қазынасына» айналғанын, оның кемелдік пен даналықтың, бірлікке ұмтылыстың белгісі екенін түсінді.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР