«Киберқауіпсіздік: интенсив -практикум»
№16 кітапхана-филиалының қызметкерлері жасөспірімдерге арналған «Киберқауіпсіздік: интенсив - практикум» өткізді. Жүргізуші интернеттегі қауіптер, аккаунттарды қорғау, әлеуметтік желілердегі жеке деректердің қауіпсіздігі, антивирустық бағдарламалар және цифрлық гигиена туралы айтып берді. Қатысушылар викториналарға, ойындарға, практикалық тапсырмалар мен шағын жарыстарға қатысты. Олар киберқорғаныстың негізгі дағдыларын меңгеріп, сенімді құпиясөздер жасауды үйренді, сондай-ақ жеке мәліметтерді жариялаудың қауіпті екенін түсінді.