«Бұл жерге балалар әлем туралы бәрін білуге келеді» экскурсия
Жыл сайын №16 кітапхана-филиалы жаңа оқырмандарды қарсы алып, олар үшін таныстыру экскурсияларын өткізеді. Осылайша, 16 қазан күні №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері «№11 ЖББМ»КММ 1-сынып оқушыларына арналған «Бұл жерге балалар әлем туралы бәрін білуге келеді» атты экскурсия ұйымдастырды. Бірінші сынып оқушылары кітапханашы мен ертегілік кейіпкер — үй иесі Читайламен бірге кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасады.Балалар кітапхананы пайдалану ережелерімен танысып, ерекше назар көркем безендірілген кітап көрмелеріне аударылды. Кітапханашы балаларға кітаптарға ұқыпты қарау, өзіне лайық кітапты таңдау және кітапханада өзін дұрыс ұстау туралы түсіндіріп берді. Сонымен қатар, оқушылар «формуляр» деген не екенін, әр кітаптың өз орны бар екенін және кітаптар кітапханада қандай тәртіппен орналасатынын білді. Балалар ертегілік викторина сұрақтарына белсенді жауап беріп, жұмбақтарды шешті. Сондай-ақ, оларға «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтының «Балалық шақ әлемі» атты бөлімі және оның мазмұны таныстырылды.
Алғашқы кітапханаға сапар қызықты әрі пайдалы өтті. Балалардың кітапхананың тұрақты оқырмандары болатынына сенеміз.