«Кітаптар өмір сүретін әлем» экскурсиясы.
15 қазан күні №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері №11 ЖББМ КММ 1-сынып оқушылары үшін «Кітаптар өмір сүретін әлем» атты экскурсия өткізді. Кітапханашы мен Читаля балаларға кітаппен дұрыс жұмыс істеу және кітапханада өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндіріп, кітап қорының қалай ұйымдастырылғаны, формуляр деген не екені туралы айтып берді, кітапханада бағдарлауды үйретті. Оқушыларды «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтының «Балалық шақ әлемі» бөлімінің мазмұнымен таныстырды. Іс-шараның соңында балалар «Дұрыс жауапты тап» және «Кейіпкерді тап» атты ертегілер бойынша викториналарға қатысты. Сондай-ақ оқушыларға «Танысыңыздар: жаңа кітаптар!» атты кітап көрмесі ұсынылды.