«Ақпараттық кеңістікте бағдарлану» ақпараттық сауаттылық сабағы

10.10.2025 16:54 Администратор библиотеки
«Ақпараттық кеңістікте бағдарлану» ақпараттық сауаттылық сабағы

10 қазан күні №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері жастарға арналған «Ақпараттық кеңістікте бағдарлану» атты ақпараттық сауаттылық сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушыларға «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтының қызметтері мен ресурстары туралы, кітапханада ақпаратты тиімді іздеу және оны дұрыс пайдалану жолдары түсіндірілді. Сабақ соңында қатысушыларға өлкетану тақырыбы бойынша материалдарды іздеу бойынша практикалық тапсырма ұсынылды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР