Ақпарат күні «Жаңа кітаптар келді – өз оқырманын тапты!»

03.10.2025 11:32 Администратор библиотеки
Ақпарат күні «Жаңа кітаптар келді – өз оқырманын тапты!»

2 қазан күні №16 кітапхана-филиалында «Жаңа кітаптар келді – өз оқырманын тапты!» атты ақпарат күні өтті. Іс-шара аясында №11 ЖББМ КММ оқушылары күн бойы жаңа әдебиеттермен танысты. Бастауыш сынып оқушылары үшін «Қызығушыларды Кітапқалаға шақырамыз!» атты танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Оларға кітапханаға келу ережелері, қызмет түрлері, сондай-ақ КММ «Шахтинск ОКЖ» сайтының ресурстары мен мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар, оқырмандар назарына «Кітапханадағы жаңа кітаптар» атты кітап көрмесі ұсынылды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР