«Т. Әлімқұлов пен Ж. Нәжімеденовтың өмірі мен шығармашылық шежіресі» әдеби экскурсиясы.

27.09.2025 14:10 Администратор библиотеки
«Т. Әлімқұлов пен Ж. Нәжімеденовтың өмірі мен шығармашылық шежіресі» әдеби экскурсиясы.

26 қыркүйекте № 16 кітапхана - филиалының қызметкері №11 ЖББМ 11 сынып оқушыларына «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында «Т. Әлімқұлов пен Ж. Нәжімеденовтың өмірі мен шығармашылық шежіресі» атты әдеби экскурсия өткізді. Кітапханашы патриотизм және туған жер туралы шығармаларымен танымал Тәкен Әлімқұловтың өмірбаяны туралы айтып берді. Сонымен қатар, жазушы шетел авторларының көптеген кітаптары мен өлеңдерін қазақ тіліне аударып, көптеген шығармаларын Абай Құнанбаевқа, қазақ халқына, туған өлкеге деген сүйіспеншілікке арнады. Екінші автор - ақын Жұмекен Нәжімеденов болды. Кітапханашы патриоттық және лирикалық мазмұндағы көптеген өлеңдер жазған, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің авторы Жұмекен Нәжімеденов туралы айтып берді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР