«Әдеби айналым» ашық есік күні.
14 қыркүйекте № 16 кітапхана-филиалының қызметкері №11 ЖББМ КММ оқушылары үшін «Әдеби айналым» ашық есік күнін өткізді. Күні бойы балалар әдебиеттің жаңалықтарымен, балалар журналдарымен танысты. «Мені тап» библиокешингіне қатысты, онда кітаптарды табу керек болды: жанр бойынша, автор бойынша, электронды каталогтың көмегімен, кілт сөзі бойынша және т.б. Балаларға арналған «Балалық шақ әлемі» парақшасымен, балаларға арналған «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтының қызметтерімен және ресурстарымен танысты. Жас оқырмандардың назарына «Сауаттыларға көмек», «Біл және сақта» әдебиеттерін қарау ұсынылды.