"Білім әлеміндегі кітап компасы" ойыны.

05.09.2025 10:47 Администратор библиотеки
"Білім әлеміндегі кітап компасы" ойыны.

4 қыркүйекте № 16 кітапхана - филиалының қызметкерлері № 11 ЖББМ КММ 7 сынып оқушыларына арналған "Білім әлеміндегі кітап компасы" ойынын өткізді. Кітапханадағы тәртіп ережелерін және кітапты ұқыпты ұстауды еске салды, сондай-ақ балаларды кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппаратымен таныстырды. Ойын барысында балалар сөздіктер мен анықтамалықтар туралы білімдерін кеңейтті, олармен жұмыс істеуді қуанышпен үйренді. Әр түрлі тапсырмаларды орындай отырып, балалар анықтамалық материалдармен жұмыс істей білуге, әдеби ой-өрісі мен сөздік қорын кеңейтуге, кітапхана кеңістігін шарлауды үйренді. Іс-шара соңында балалар "Шахтинск ОКЖ" КММ сайтының мазмұнымен, қызметтерімен және ресурстарымен танысты.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР