Библиография күні «Қажетті ақпаратты қайдан, қалай табуға болатынын білу қызық».
31 қазанда №16 кітапхана-филиалында жастарға арналған библиография күні өтті. Кітапханашылар қатысушыларға библиографияның қызықты әлемін таныстырып, ақпарат іздеудің шебері – библиограф мамандығы туралы айтып берді. Балалар кітапхана қорында қалай бағдарлану, анықтамалық-библиографиялық құралдарды пайдалану және қажетті әдебиетті табу жолдарын үйренді. Арнайы көңіл «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтының электрондық каталогына, «Өлкетану» бетіне және онлайн-қызметтеріне аударылды. Іс-шара барысында «Анықтамалықтар, сөздіктер – бәрін табуға көмектеседі!» атты шолу және «Жастар және оқу: өзара байланыс» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Күн «Ақпарат іздеудің магистрі» интеллектуалды турнирімен аяқталып, қатысушылар практикалық тапсырмалар арқылы кітаптарды іздеуді үйренді. Күн қызықты әрі пайдалы өтті.