«Тәуелсіздік – елдің берік негізі» атты танымдық сағат.

12.12.2025 08:59 Администратор библиотеки
«Тәуелсіздік – елдің берік негізі» атты танымдық сағат.

11 желтоқсанда №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері №11 ЖББМ КММ оқушылары үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – елдің берік негізі» тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушылар тәуелсіздіктің мемлекет дамуы мен әрбір азаматтың өміріндегі маңызы жөнінде пікір алмасты. Еркіндік пен бірлікке қатысты халық даналығы – мақал-мәтелдер айтылып, еліміздің тәуелсіздік жолындағы маңызды кезеңдерін қамтыған шағын презентация көрсетілді. Сонымен қатар қатысушылар Отан туралы өлеңдер оқып, «Еліңді білесің бе?» атты танымдық викторинаға белсенді қатысты. Іс-шара соңында оқушылар «Болашақ Қазақстанға хат» жазу арқылы өз армандары мен тілектерін білдірді. Кездесу жас ұрпақтың патриоттық сезімін нығайтуға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және ел болашағына деген сенімін қалыптастыруға ықпал етті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР