День консультаций «Электронное окно в мир книги».
№16 кітапхана-филиалында №11 ЖББМ 9–10 сынып оқушылары үшін кеңес күні өтті. Шара барысында кітапханашылар оқушыларды электронды каталогпен жұмыс істеу тәсілдерімен таныстырды: оның мәнін түсіндіріп, пайдалану жолдарын көрсетті, сайттың мобильді нұсқасын таныстырды және «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтының қызметтері мен ресурстары туралы әңгімеледі. Практикалық бөлімде оқушылар авторы, атауы және тақырыбы бойынша кітаптарды өз бетімен іздеп, алған білімдерін бекітті. Осылайша, сүйікті кітаптарға қол жеткізу бұрынғыдан да жеңілдей түсті!