«Қаржылық эрудит» коучингі

18.11.2025 09:31 Администратор библиотеки
«Қаржылық эрудит» коучингі

14 қарашада №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері Қазақстанның ұлттық валютасы күніне арналған «Қаржылық эрудит» коучингін өткізді. Балалар табыс пен шығындарды басқаруды, отбасының бюджетін құруды, онлайн сатып алуды қауіпсіз жасау мен өз қаржыларын қорғауды үйренді. Соңында әркім өзін нағыз қаржы сарапшысы ретінде сезіне алуы үшін көңілді викторина өтті және қызықты тапсырмалар берілді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР