«Алтын тиынның оқиғалары немесе Шыбын алқабқа шығыпты…» ойын-викторина
№16 кітапхана-филиалының қызметкерлері Мәдениет үйінің «Орион» би тобының тәрбиеленушілері үшін «Алтын тиынның оқиғалары немесе Шыбын алқабқа шығыпты…» атты ойын-викторина өткізді. Іс-шара барысында жүргізуші балаларды қаржылық сауаттылықтың негізгі ұғымдарымен таныстырды: ақша, еңбек, айырбас, тауар, қажеттілік, қызмет көрсету. Сюжеттік тапсырмада қатысушыларға «алтын тиын» беріліп, оны қалай пайдалануға болатыны талқыланды: жұмсау, айырбастау немесе жинақтау. «Адамдар банкке не үшін барады?» және «Ақша жинау дегеніміз не?» деген сұрақтарға жауап ізделді. Балалар ақшаны пайдаланудың негізгі жолдарын меңгерді: сақтау, жұмсау, айырбастау. Практикалық тапсырма барысында қатысушылар тиындарды «қоржынға жинау» немесе «бірден жұмсау» нұсқаларының бірін таңдады. «Экономикалық шешім» жаттығуында балалар әртүрлі өмірлік жағдайларды қарастырды: балмұздақ пен кітаптың арасындағы таңдау, жаңа ойыншық алу үшін ақша жинау қажеттілігі. Қатысушылар өз шешімдерін дәлелдеп, ақшаны тиімді басқарудың маңыздылығы жөнінде қорытынды жасады. Балалар мақсатқа жету үшін жоспарлау мен саналы шешім қабылдаудың қажеттілігін түсінді. Іс-шара соңында «Балаларға арналған қаржы» тақырыбында әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды.