«Қазақстан Тәуелсіздігі: жетістіктер» атты дөңгелек үстел.

12.12.2025 17:19 Администратор библиотеки
«Қазақстан Тәуелсіздігі: жетістіктер» атты дөңгелек үстел.

12 желтоқсанда №16 кітапхана- филиалының қызметкерлері ЖРО КММ бірлесіп, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан Тәуелсіздігі: жетістіктер» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында жүргізушілер қатысушыларды Тәуелсіздік күнінің қалыптасу тарихымен таныстырды. Кездесу барысында жастардың талқылауына келесі мәселелер ұсынылды: Тәуелсіз Қазақстанның дамуына жастардың рөлі; Қазіргі заманғы өзгерістер: цифрландыру, экология, инновациялар; Тәуелсіздіктің мәнін жеке түсіну; Әрбір қатысушы үшін ерекше маңызы бар ел жетістіктері. Іс-шара жас азаматтардың бойында патриоттық сананы қалыптастыруға, тарихқа және қоғамдағы заманауи үдерістерге қызығушылықты арттыруға ықпал етті. Қатысушылар назарына «Тәуелсіз Қазақстан – бірегей тарих» атты бейнематериал ұсынылды.

 

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР