«Отбасым – менің тірегім» атты бейнерепортаж.
№12 балалар кітапханасы филиалы желідегі парақшаларында «Отбасым – менің тірегім» атты бейнерепортаж өткізді. Бұл кездесудің арнайы қонағы – көпбалалы ана Жолдасова Роза Алматовна болды. Жолдасы Абдримов Нұрғиса Алпысбаевичпен бірге алты баланы тәрбиелеп отырған отбасы. Роза Алматовна жүргізушінің сұрақтарына жауап бере отырып, отбасының күнделікті өмірі, салт-дәстүрлері, құндылықтары және әр баланың қызығушылықтары мен хоббилерін дамыту жайлы бөлісті. Ол көпбалалы болудың қиындығы мен қуанышын қатар айтып, балалардың шаттығы мен отбасының бірлігі барлық қиындықтарды жеңілдететінін атап өтті. Репортаж барысында көрермендер осы отбасының мейірімге, ынтымаққа және махаббатқа толы өмірін көруге мүмкіндік алды. Мұндай отбасылар – баршаға үлгі. Себебі Роза Алматовна мен Нұрғиса Алпысбаевич балаларына тек білім мен тәрбие ғана емес, сонымен қатар жылылық пен бірліктің үлгісін көрсетіп отыр.қуанышын бөлісуге және отбасы өмірінің маңызды сәттерін бағалауға мүмкіндік береді.