🍁 Кітапхана клубындағы күзгі ойындар 🍁

14.10.2025 13:52 Администратор библиотеки
🍁 Кітапхана клубындағы күзгі ойындар 🍁


14 қазан күні кітапхана клубында  «Күзгі калейдоскоп» атты қызықты ойын бағдарламасы өтті. Шара басында кітапханашы балаларды белсенді әрі көңілді командалық жұмысқа бейімдеп, кейін түрлі ойындар мен сайыстар басталып кетті.
Бағдарлама балалардың ептілігі, зейіні және командамен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі тапсырмаларды қамтыды:
1.    Аттракцион ойыны «Жапырақтарды жина»
Балалар белгілі бір түсті жапырақтарды жылдам жинаудан жарысты.
2.    Қозғалыс ойыны «Аяғыңды сулама»
Қатысушылар картоннан жасалған «шалшықтардан» секіріп өтті — ептілікке жаттығу.
3.    Зейінге арналған ойын «Жапырақ жауады»
Балалар тек «Бір, екі, үш» деген сөздермен басталған бұйрықтарды ғана орындады.
4.    Ойын «Күзгі дәмдер»
Командалар сорпаға арналған көкөністер мен тосапқа арналған жемістерді жинады.
5.    Рөлдік ойын «Саңырауқұлақ теруші»
Бір ойыншы «ағаштардың» артына жасырынған «саңырауқұлақтарды» ұстады.
6.    Эстафета «Картопты қасықпен тасымалда»
Жылдамдық пен дәлдікті талап ететін командалық ойын.
7.    Эстафета «Шелектің ішіне түсір»
Картопты нысанаға дәл лақтыру.
8.    Аукцион «Картоптан қандай тағам жасайсың?»
Балалар картоптан қандай тағам дайындауға болатынын атады — ең көп атаған жеңімпаз атанды.
9.    Ойын «Көкөністі дәміне қарай тап»
Балалар көздерін жұмып көкөністердің дәмін татып, оларды анықтауға тырысты.
🎬 Іс-шара соңында қорытынды шығарылып,балалар бірге отырып көңілді күзгі мультфильм тамашалады.
📌 Шара жоғары деңгейде, жағымды атмосферада өтті. Балалар ерекше белсенділік танытып, барлық ойындарға қызығушылықпен қатысты, зейін, ептілік және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.

 

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР