«Оқырманның жеке кабинеті» workshop
Бұқар Жырау атындағы Шахтинск орталық қалалық кітапханасының оқу залы қызметкері оқушыларымен заман талабына сай жаңартылған кітапхананың сайтына шолу жасау арқылы онлайн шеберханасын өткізді.
Аталмыш іс-шарада кітапханашы кітапхана сайтының ақпараттық ресурстарына толы берер мүмкіншіліктері және қызметтері, сайтпен жұмыс жасауды практика жүзінде көрсетті. Қатысушы оқушылардың өздері витруалды анықтама, кітапты онлайн ұзарту, құжатты электронды жеткізу және электронды каталогпен орындауларына мүмкіндік берді, олар берілген мүмкіндікті үлкен қызығушылықпен орындай білді.