«Жаңа жылдық көңіл-күй»
2025 жылдың 23 желтоқсанында күні Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залы қызметкерлері Жаңа жыл қарсаңында 6505 Әскери бөлімінің сарбаздарымен танымдық ойын-сауық бағдарламасын өткізді. Іс-шара барысында Жаңа жыл тарихына тоқтала отырып, адамдардың жалпы көзқарасы жайлы және де мерекелік көңіл-күйді туғызу мақсатында сарбаздармен ойын-сауық бағдарламасы өте көңілді өтуіне үлестерін қосты. Кітапханашылар сарбаздармен түрлі қызықты, күлкілі ойындар ойнатып, өте белсенді қатысқандарға сыйлықтар беріп марапаттады. Биылғы жылы келетін Жылқы жылына байланысты олардың арман-тілектерін тыңдап, жақсылық тілеп, тақырып бойынша ұйымдастырылған кітап көрмесіне назарларын бұрғызды.