«Еңбексіз өмір — босқа кеткен жол» интеллектуалдық ойын
2025 жылғы 26 қыркүйекте Бухар Жырау атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкері Е.Букетов атындағы мектептің 9-сынып оқушыларына «Еңбексіз өмір — босқа кеткен жол» атты интеллектуалдық ойын өткізді.
Іс-шараның басында қатысушыларға мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы, «Қалаймын» — «Қолымнан келеді» — «Қажет» деген үш компоненттің өзара байланысы туралы айтылды. Сонымен қатар, өзін-өзі танудың және қоғамның қажеттіліктеріне бейімделудің маңыздылығына назар аударылды.
Ойын кезеңдері:
1.«Мамандықтарды ата» ойыны
Командалар берілген әріптерге сәйкес келетін мамандықтарды атады.
2.«Крокодил» ойыны
Бір қатысушы берілген мамандықты ыммен көрсетті, ал команда сол мамандықты тапты.
3.«Мамандықты сипаттау» ойыны
Командаларға «экономист», «көгалдандырушы» сияқты мамандықтар жазылған карточкалар берілді.
Тапсырма: мамандықты сипаттайтын 2 сын есім, 3 етістік және бір сөйлем құрастыру.
4.«Жарнама» ойыны
Әр команда «сатушы», «кран машинисі», «кондитер», «психолог» мамандықтарына жарнамалық таныстырылым дайындады.
5.«Сипаттама арқылы мамандықты тап» ойыны
Қатысушылар сипаттама арқылы мамандықты тапты.
6.Блиц-викторина
Түрлі мамандықтар бойынша 14 сұрақ қойылды.
7.«Мамандық сөздігі» ойыны
Тапсырма – кілт сөздер арқылы мамандықты табу.
Әр раунд сайын тапсырманың күрделілігі артты.
8.«Ассоциациялар» ойыны
Командалар «жүгіру», «жазу», «есептеу», «сөйлеу», «билеу» етістіктеріне байланысты мамандықтарды атады.
9.«Бала тілімен» ойыны
Қатысушылар балалар тілімен сипатталған мамандықтарды тапты.
10. Рефлексия (сабақ соңындағы пікірталас)
Қатысушылармен келесі сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізілді:
• Мамандық таңдау туралы қазірден бастап ойлану керек пе?
• Қай ойын немесе тапсырма ерекше есте қалды?
• Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдауда нені ескеруге болады?
Қатысушылар мамандықтар мен еңбек қызметі туралы білімдерін, талдау жасау, қорытынды шығару дағдыларын, топпен жұмыс істеу мен көпшілік алдында сөйлеу шеберліктерін көрсетті.