«Бірге – тату отбасы»
2025 жылғы 12 қыркүйекте Бухар Жырау атындағы қалалық орталық кітапхананың қызметкері Е.Букетов атындағы мектептің 9 «А» сынып оқушылары үшін Отбасы күніне арналған «Бірге – тату отбасы» атты пікірталас өткізді. Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларды мерекемен құттықтап, Қазақстанда Отбасы күні қашан және қалай атап өтілетінін айтып берді. Содан кейін «отбасы» сөзінің мағынасы талқыланды, оқушылар өз ойларымен және ассоциацияларымен бөлісті. Отбасы туралы мақал-мәтелдер айтылып, балалар оларды талдап, түсіндірді. Сондай-ақ қатысушылар тату отбасының белгілерін атады. Іс-шара аясында «Отбасы мүшелеріне қандай жылы сөздер айтуға болады?» атты ойын өткізілді. Балалар отбасылық дәстүрлер туралы айтты: бірге кешкі ас ішу, мерекелерді тойлау, туған күндер, табиғат аясындағы демалыс және сүйікті отбасылық тағамдар. Сондай-ақ отбасындағы кикілжіңдер тақырыбы қозғалды — олардың не себептен туындайтыны және оларды қалай жеңуге болатыны талқыланды.
Шығармашылық бөлімде әрбір қатысушы:
- Үйде жасай алатын 3 қайырымды іс жазды;
- «Тату отбасының рецептісін» құрастырды.
Іс-шара жүрекке жылы тиетін өлең жолдарымен және отбасы туралы ізгі тілектермен аяқталды. «Отбасы — адам өміріндегі ең үлкен қазына. Жақындарыңызды қадірлеңіздер!»