«Ленинград. Блокада. Есте сақтау». Блокада куәгері Волкова Вера Александровнамен кездесу.

10.09.2025 09:25 Администратор библиотеки
«Ленинград. Блокада. Есте сақтау». Блокада куәгері Волкова Вера Александровнамен кездесу.

Бұқар Жырау атындағы Орталық қалалық кітапханада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай блокада куәгері Волкова Вера Александровнамен еске алу кеші өтті. Іс-шара барысында қонақ өзінің балалық шағы өткен қоршаудағы Ленинградтағы ауыр жылдар туралы әңгімелеп берді. Ол аштық, суық, жақындарын жоғалту, «Өмір жолы» арқылы эвакуация және Қазақстанға келіп, жергілікті халықтың қамқорлық танытуы жайында естеліктерімен бөлісті. Қатысушылар блокада құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, деректі бейнематериалдар көрді, өлеңдер мен әндер тыңдады. Оқушылар Вера Александровнаға сұрақ қойып, оның естеліктерінің тарихи мәнін атап өтті. Кітапханашылар «Ұлы соғыстың кішкентай батырлары» атты биобиблиографиялық құралды таныстырды. Бұл жинақта блокада, оккупация, концлагерьді басынан өткерген, тылда еңбек еткен балалардың тағдыры қамтылған. Кездесу гүл шоқтарын табыстаумен, естелік суретке түсумен және кітап көрмесін тамашалаумен аяқталды. Іс-шара жастар мен барлық қатысушылар үшін маңызды болды, өткенді еске алып, болашақ ұрпаққа тарихи жадыны жеткізудің маңыздылығын көрсетті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР