«Темекі шегу немесе шекпеу» әңгімелесу
Әңгіме барысында кітапханашы темекі шегудің адам ағзасына тигізетін зияны туралы айтып, оның денсаулыққа қаншалықты қауіпті екенін түсіндірді. Темекі шегудің қоғам мен ел үшін жаһандық проблема екенін атап өтті. Сондай-ақ, кітапханашы темекіден бас тарту халықаралық күні жыл сайын қараша айының үшінші бейсенбісінде аталып өтетінін еске салды. Іс-шара барысында кітапханашы темекі шегушілердің заманауи ауруларымен күрес туралы айтып өтті, ал оқушылар темекіден бас тартудың маңыздылығы жөнінде өз ойларын ортаға салды. Іс-шара «Темекінің адам ағзасына әсері», «Бір шылымқордың өмір тарихы» атты бейнероликтер көрсетілімімен толықтырылды. Алынған білімдерін бекіту мақсатында оқушылар викторинаға қатысты.