«Тілдер достығы – халықтар достығы» ойын сабақ
2025 жылдың 4 қыркүйегі күні Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залы қызметкері 5 қырүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні қарсаңында Долинка кентінде орналасқан 6505 Әскери бөлімінің сарбаздарымен ойын сабағын өткізді. Іс-шараға сарбаздар арасынан мәнерлеп өлеңдер оқылды, қазақ тілі мен орыс тілінде сұрақтар мен сауалнамалар қойылып, жауабы алынды. Сонымен қатар тақырып бойынша бейнероликтер көру ұсынылды, сарбаздар бар назарымен тыңдап, шараға белсенді қатысып, өз сұрақтары мен ойларымен пікір алмасу барысында барынша емін-еркін бөлісе алды.