«Конституция – Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің кепілі» дөңгелек үстел
3 қыркүйек күні орталық қалалық кітапханасының оқу залы кітапханашысы Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қатысушылар 1995 жылы қабылданғаннан бері Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихы мен хронологиясын талқылады. Дөңгелек үстел барысында оқушылар сұрақтарына жауап алып, құқықтар, заңдар және құқықтық нормалардың негізгі тұстарын түсінді. Сонымен қатар, заң көмегін қалай дұрыс қадам жасауға болатынын және құқықтық мәселелерді шешуде заңға қалай жүгіну керектігін меңгерді.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті, бұл оқушыларға құқықтың күнделікті өмірге қалай әсер ететінін тереңірек түсінуге және өз мүдделерін заң аясында қорғау үшін қандай қадамдар жасау қажет екенін ұғынуға мүмкіндік берді. Конституция баптарының қоғам өміріне ықпалы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуы жайлы кеңінен сөз қозғалды. Кездесу барысында кітапхана қызметкері оқушыларға тақырып аясында викториналық сұрақ пен сөзжұмбақ жасырып, дұрыс жауабын алды және Ата Заңымыздың қабылдану тарихына қатысты кітап көрмесіне шолу жасады. Жиын соңында қатысушылар Ата Заң – ел бірлігі мен бейбітшіліктің, тұрақтылық пен дамудың кепілі екенін ерекше атап өтіп, оны қастерлеу әрбір қазақстандықтың қасиетті азаматтық парызы екендігін жеткізді.