«Сәлем, мектеп! Сәлем, кітап!» интеллектуалды ойын

02.09.2025 14:17 Администратор библиотеки
«Сәлем, мектеп! Сәлем, кітап!» интеллектуалды ойын

2025 жылғы 2 қыркүйекте Бухар Жырау атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкері  Ш.Уалиханов атындағы мектептің 10 «А», 10 «Б»  сынып оқушыларымен «Сәлем, мектеп! Сәлем, кітап!» атты интеллектуалды ойын өткізді.

Іс-шара командалардың сәлемдесуінен басталды.
«Разум» және «Умники» командалары өздерін таныстырып, қысқаша сәлемдесу сөздерін айтып, қатысушыларды достық бәсекеге шақырды. Жаттығу: «Мектеп мозаикасы» Әр командаға мектеп тақырыбында (тарих, география, тіл білімі, биология) 8 сұрақтан қойылды. Сұрақтар кезекпен қойылып, жедел жауап беру талап етілді. Жаттығу: «Мектеп әліппесі» Қатысушылар қазақ және орыс тілдерінде мектепке қатысты сөздерді әліпби тәртібімен айтып шықты. «Қазақстан қаһармандары» байқауы Командалар Қазақстанның тарихи және әдеби кейіпкерлері, сондай-ақ қазіргі заманның көрнекті тұлғалары туралы сұрақтарға жауап берді. Капитандар сайысы: «Ақыл мен ой жарысы» Командалар капитандары шектеулі уақыт ішінде түрлі тапсырмаларды орындап, өздерінің білімдерін және ойлау жылдамдығын көрсетті. 

"Сөз ойыны» байқауы". Қатысушылар қазақ тіліндегі сөздерді есте сақтап, қайталап айтып, Қазақстанға байланысты ассоциациялар мен ұлттық рәміздер туралы пікір алмасты. Музыкалық тур. Командалар мектеп пен білім тақырыптарындағы әндерді танып, жалғастыру арқылы мерекелік көңіл күй сыйлады. Финал: Интеллектуалдық дуэль Командаларға күрделі сұрақтар қойылып, көп дұрыс жауап берген команда жеңіске жетті. Сондай-ақ, көрермендер «Мен кіммін?», «Сұрақ нөсері», «Батырды тап», «Смайлик шоу» ойындарына белсене қатысты.

Интеллектуалдық ойынның жеңімпазы – «Умники» командасы атанды. Қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. «Разум» командасы «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясын иеленді. Іс-шара достық атмосферада өтіп, оқуға және кітап оқуға деген қызығушылықты арттырды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР