«Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы» кездесу
Кездесу биылғы мерейтой иесі Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналды. Іс-шара Шахтинск қалалық Әскери комитеті қызметкерлерімен өтті. Кітапханашы Б.Момышұлының өмірбаяны мен әскери қызметі жөнінде және батырдың Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі, Ұшқан ұя» шығармасы туралы бейнематериалдар көрсетіліп, оның қолбасшылық қасиеті мен батылдығы кеңінен тануға мүмкіндік берді. Шарадағы қатысушылар батырдың әр тақырыптағы айтылған нақыл сөздерін оқып, оны талқылап, ортада әңгіме өрбітіп, оның әдеби мұрасы мен тұлғалық қасиеттерін талқылады. Кеш соңында ұйымдастырушы батырдың өнегелі өмірі жастар үшін үлкен тәрбие мектебі екенін атап өтіп, тақырыпқа сәйкес әзірленген «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітаптарына тоқталды. Кеш мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар батыр тұлғаның ел тарихындағы орнының маңыздылығын түсініп, оның ерлігі мен рухына терең құрмет білдірді.