«Экрандағы әскери кітап» кітапханалық кинозал
2025 жылғы 24 тамызда Бухар Жырау атындағы орталық қалалық кітапхананың оқу залының қызметкері «Экрандағы әскери кітап» атты кітапханалық кинозал өткізді. Көрермендерге 1941 жылғы астананың қаһармандық қорғанысы туралы баяндайтын «Мәскеу – артымызда» атты көркем фильм ұсынылды. Бұл туынды — жазушы, майдангер, панфиловшы Бауыржан Момышұлының шығармалары мен естеліктері негізінде түсірілген. Сценарийге жазушының жеке әсерлері мен майдандағы тәжірибесіне сүйене отырып жазылған «Мәскеу — артымызда» романы арқау болды. Фильм түсірілімдері Мәскеу маңында және Беларусь жерінде өткен, бұл 1941 жылдың қатал күзін шынайы бейнелеуге мүмкіндік берді. Сюжеттің басты назарында Волоколам бағытында шайқасқан, фашистік басқыншылардың шабуылын батырлықпен тойтарып, кейін қарсы шабуылға шыққан аңызға айналған Панфилов дивизиясы тұр. Көрсетілімнен кейін кинозалда фильм бойынша талқылау өтті. Көрермендер фильмнің әсерлілігі, шайқас көріністерінің шынайылығы және актерлер ойынының көркемдігі туралы өз пікірлерімен бөлісті. Ерлік, табандылық және Отанға деген сүйіспеншілікті бейнелейтін кейіпкерлер бейнесіне ерекше назар аударылды.