«Кітапханалардың болашағы: цифрландыру және ақпарат ұсынудың жаңа форматтары» атты кездесу

30.10.2025 14:04 Администратор библиотеки
«Кітапханалардың болашағы: цифрландыру және ақпарат ұсынудың жаңа форматтары» атты кездесу

30 қазан күні Бұқар жырау атындағы орталық қалалық кітапханасында ШТК-ның ОП тобының студенттерімен кездесу өтті. Қатысушыларға «Кітапханалардың болашағы: цифрландыру және ақпарат ұсынудың жаңа форматтары» тақырыбында танымдық әңгіме өткізілді.

Кітапханашы студенттерді қарсы алып, заманауи технологиялардың кітапхана қызметіне қалай әсер етіп, оны ақпарат пен қарым-қатынас орталығына айналдырып жатқанын баяндады. Кездесу барысында қатысушылар кітапхананың сайтында қолжетімді заманауи цифрлық сервистермен танысты: электронды каталог, «ақылды кітаптар», виртуалды анықтама, электронды құжаттарды жеткізу (ЭҚЖ) және мобильді кітапхана. Сондай-ақ, кітапханашының жаңа рөлі – ақпарат әлеміндегі көмекші әрі бағыттаушы екендігіне ерекше назар аударылды. Кездесу соңында студенттер кітапхана сайтымен тәжірибе жүзінде танысып, цифрландырудың кітапхана қызметін одан әрі ыңғайлы, қолжетімді және тартымды ете түсетінін атап өтті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР