«Күн астында гүлдене бер, менің Қазақстаным» ақпараттық диалогы

12.12.2025 11:00 Администратор библиотеки
«Күн астында гүлдене бер, менің Қазақстаным» ақпараттық диалогы

12 желтоқсан күні Бухар Жырау атындағы орталық қалалық кітапхананың оқу залы қызметкері Е.Бөкетов атындағы мектептің 9 «Б» сынып оқушылары үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Күн астында гүлдене бер, менің Қазақстаным» атты ақпараттық диалог өткізді. Шара оқушыларды отаншылдық, азаматтық жауапкершілік және ел тарихына құрмет рухында біріктірді. Мереке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін тыңдаудан басталды. Кітапханашы тәуелсіздіктің маңызы, азаматтық ұстаным және жас ұрпақтың ел дамуына қосатын үлесі туралы әңгімеледі. Оқушылар «Отан деген не?» және «Біздің республикамыз қалай аталады?» деген сұрақтарға жауап беріп, кейін «ҚАЗАҚСТАН» сөзінің әр әрпіне елді сипаттайтын қасиеттерді атап өтті.

Оқушылар Отан туралы өлең жолдарын тыңдап, Тәуелсіздік тарихы жайлы бейнеролик көрді. Кітапханашы 1991 жылғы 16 желтоқсан күні тәуелсіз Қазақстанның жаңа дәуірі басталғанын атап өтіп, егемендіктің қалыптасуы туралы әңгімеледі. Шара барысында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына ерекше назар аударылды. Қатысушылар жастардың алаңға шығу себептері мен оқиғалардың барысы, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова сынды қайсар азаматтардың ерлігі туралы ақпарат алды. «Желтоқсан-86» видеосын тамашалағаннан кейін оқушылар әсерлерімен бөлісіп, мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін қоғамдағы бейбітшілік пен бірлікті сақтау маңыздылығын талқылады. Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынды. Шараның шығармашылық бөлімінде оқушылар «Мен Қазақстанның болашағын қалай елестетемін?» атты кластер құрып, еліміздің басты құндылықтары ретінде бейбітшілік, достық, даму және өркендеуді атап өтті. Мероприятие Республикамызға арналған ақ тілектермен және қатысушыларға ризашылық білдірумен аяқталды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР