VR-погружение

28.11.2025 14:11 Администратор библиотеки
VR-погружение

28 қараша күні Бухар Жырау атындағы орталық қалалық кітапхананың оқу залының қызметкері «Қызығушылығы жоғары оқырмандарға арналған виртуалды көкжиектер» үйірмесінің қатысушылары үшін «VR-погружение» атты ойын түріндегі практикалық сабақ өткізді. Сабақ барысында қатысушылар кезекпен виртуалды ортаға еніп, ойын тапсырмаларын орындап, өз серіктестерінің әрекеттерін бақылай отырып, командада жұмыс істеу дағдыларын және стратегияларды талқылауды дамытты. Бұл сабақ қатысушылардың назарын, реакциясын, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін жетілдірді. VR-шлеммен жұмыс жасау арқылы қатысушылар заманауи виртуалды шындық технологияларымен тәжірибе жүзінде танысып, бірлескен ойыннан алған әсерлерімен бөлісті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР