"Аққан жұлдыз" Еске алу кеші

28.11.2025 08:48 Администратор библиотеки
"Аққан жұлдыз" Еске алу кеші

Кеш биылғы мерейтой иесі  Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына тоқталып, өмірдерегімен танысумен басталды. тарихшы, ғалым-этнограф, ұлы ағартушы, саяхатшы, әдебиетші, демократ, зерттеуші қазақ әдебиеті мен тарихындағы орны туралы, жас ұрпаққа рухани-әдеби тәрбие беру жолында тарихи шығармалардың маңызы, сонымен қатар оның мұрасын насихаттау қажеттігігі жөнінде пікір алмасты. Бейнематериалдардың көмегімен Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Көркем шығармаларына тоқталды. Шара соңында оқушылар Шоқан Уәлиханов туралы арнау өлеңдерден үзінділер оқыды.  Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар жазушының тарихи шығармаларына деген көзқарастары мен ойлары тыңдалды. 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР