"Дін және толеранттылық"

29.10.2025 14:39 Администратор библиотеки
"Дін және толеранттылық"

Бұқар жырау атындағы орталық қалалық кітапханада «Жастар векторы» клубы аясында Дін істері жөніндегі маманмен «Дін және толеранттылық» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және түрлі діндер мен мәдениеттерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Кездесуде «Нұр» мешітінің бас имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы Рухани келісім күнінің тарихы мен маңызын түсіндіріп, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің мәнін атап өтті. Қатысушылар өлеңдер оқып, тақырыпқа сай сұрақтар қойп, жауабын алды.

Іс-шара толеранттылық пен рухани келісімді насихаттауға бағытталып, тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР