«Терроризмсіз әлем» еске алу
21 тамыз күні кітапханада Халықаралық терроризм құрбандарын еске алу күніне арналған «Терроризмсіз әлем» еске алу сағаты өтті. Қатысушылар бір минут үнсіздікпен құрбандарды еске алып, әлеуметтік роликтер «Біз террорға қарсымыз», «Терроризм мен экстремизмге қарсы күрес» және қысқаметражды фильм «Бір қоңырау» көрді. Терроризм мен экстремизмнің қауіптілігі туралы пікір алмасты. Іс-шара соңында жасөспірімдер «Бейбітшілік көгершіні» акциясына қатысып, бейбітшілікті білдіретін сөздерін жазып, арнайы стендке орналастырды.