«Жаңа жылдық құқықбұзушылықтардың алдын алу» танымдық ойын сабақ
Бұқар жырау атындағы орталық қалалық кітапханада «Жастар векторы» клубының мүшелерімен «Жаңа жылдық құқықбұзушылықтардың алдын алу» атты танымдық ойын сабағы өтті. Шарада оқушыларға Жаңа жыл кезінде жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлеріне пиротехникалық бұзушылықтар, қоғамдық орындардағы тәртіпсіздік, ұсақ бұзақылық, жол қозғалысы ережелерін бұзу, интернеттегі алаяқтық, сауда орындарындағы ұрлыққа қысқаша түсіндіру беріліп, қауіпсіздік ережелері атап өтілді. Сонымен қатар ойында клуб мүшелері белсенділік танытып, топ топқа бөлініп, жарысып, білім сынасты. Қатысушыларға пиротехникамен дұрыс жұмыс істемеудің салдарына арналған «Фейерверкпен ойнау» және онлайн алаяқтықтың қалай орын алу тақырыбында «Интернеттегі сыйлық» атты бейнероликтер назарларына ұсынылды. Қатысушылар топқа бөлініп, «Қауіпсіз мереке үшін 5 ереже» тақырыбында пікірлерін айтты. Жаңа жылды қауіпсіз өткізуге қатысты ұсыныс білдірді.
Қауіпсіздікке қатысты сұрақтар қойылып, «Қауіпсіздік ережесін тап!» сауалнамасы ойнатылды, белсенді қатысқан оқушылар марапатталды. Жүргізуші іс-шараны қорытындылап, Жаңа жыл мерекесін мәдениетті, жауапкершілікпен өткізу туралы үндеу жасады. Әр қатысушы қоғамдық тәртіпті сақтау және жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығы тағы да атап өтілді. Қатысушылар мереке кезіндегі қауіпсіздік ережелері, құқықбұзушылықтардың алдын алу жолдары туралы толық мағлұмат алды.