«Сиқырлы керуен» әдеби сағат
24 қыркүйекте №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Березка» бөбекжайының тәрбиеленушілеріне арналған үшін «Сиқырлы керуен» әдеби ойынын өткізді. Балалар қазақ халық фольклорымен танысты, оларға ертегілердің маңыздылығы, олардың жанрлық әртүрлілігі туралы айтып берді. «Сырсандық», «Алтын қазан», «Алтын мұра» және т.б. сериялы кітаптар ұсынылды. Олардың бірімен балалар танысты - «Жолбарыс пен тышқан» атты қазақ халық ертегісін оқыды. Оқығаннан кейін балалар шығарма бойынша сұрақтарға жауап берді. Балалар «Қазақ ертегісінің ғажайып әлемі» викторинасына және «Кім тап» және «Асық ату» ұлттық ойындарына үлкен қызығушылықпен қатысты. Қазақ ертегілерімен танысуды жалғастыру үшін Алдар Көсенің шытырман оқиғалары туралы «Шақырылмаған қонақ» мультфильмі көрсетілді. Кітапханашылар балаларға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтып, кітапхана оқырманы болуды ұсынды.