«Шеберлер қаласы» Саяхат ойыны
24 қыркүйекте Шахан кентінің № 8 кітапхана-филиалында №2 ЖББМ 6» А «сынып оқушылары еңбек күніне арналған»Шеберлер қаласы» саяхат ойынына қатысты. Кітапханашылар балаларға Президентіміз жариялаған жұмысшы мамандықтар жылына байланысты, биылғы жылы ерекше маңызға ие болып отырған осы мерекенің тарихы туралы айтып берді. Балалар екі командаға бөлініп, еңбек пен кәсіп туралы мүмкіндігінше көбірек білу үшін «Шеберлер қаласына» саяхатқа аттанды. Жолда балалар «Кәсіптер әліпбиі», «Шатасу», «Түйінді сөздер», «Еңбек туралы мақал-мәтелдер», «Ең керемет мамандық» және т.б. конкурстар мен викториналарда тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Саяхат барысында барлық станциялар сәтті өтті. Іс-шараларды аяқтай отырып, кітапханашы балаларға оқуда табысты болуды, көбірек оқып, білім алуды, өз кәсібін табуды және болашақта өздеріне ұнайтын істі таңдауды тіледі.