Белгілі жазушы, журналист, зерттеуші Жарылқап Бейсенбайұлы -көп жылдар бойы қазақтың ұлы ғалымы Шоқан өмірін зерделеп, оның 1856 жылы жасаған Ыстықкөл сапарының ізін қайталай жүріп өткен, атақты жиһангез-шығыстанушы еңбек етіп, ғұмыр кешкен мекендерде арнайы болып, сол ізденістер нәтижесінде жарық көрген «Шоқан ізімен» (1977), «Жасын-тағдыр жарқылы» (1987), «Шоқан» (2009) атты ғумырнамалық кітаптардың авторы. Соңғы көлемді шығарма Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің қолдауымен орыс тіліне аударылып, «Чокан Валиханов» атты ол кітаптың арнайы таныстырылымы 2015 жылдың соңында Мәскеудегі Орыс географиялық қоғамының штаб-пәтерінде өтті. Ж. Бейсенбайұлының кейінгі жылдар жүзінде жарияланып жатқан жаңа тарихи, мұрағаттық құжаттармен, анықтамалық мағлүматтармен байытылып, қазақ ғылымындағы қол жетпес шырқау шыңдардың бірі, ерек туған феномен Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай қайтадан өңделіп, толықтырылған бүл ғұмырнамалық роман-эссе кітабында, қазақтың заңғар ғалымының өмірі мен оның заманына қатысты бүрын беймәлім боп келген көптеген түстарға жаңаша барлау жасалынады, тиянақты байыптаулар түйінделеді.
Бейсенбайұлы Ж. Шоқан. Ерек туған феномен: тарихи-ғұмырнамалық роман-эссе. - Алматы: Керемет медиа, 2025. – 496 б.
Санаты: тарихи роман
Жыл: 2025
Сақтау орны: аб, ф1, ф2, ф8