Кино және уақыт
Автор Рахманқызы Н.

Кинотанушы, өнертану кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Нәзира Рахманқызының үш бөлімнен тұратын бұл жаңа кітабына бүгінгі таңдағы қазақ киносындағы өзекті мәселелерді қамтыған түрлі тақырыптағы мақалалары мен зерттеулері, сұхбаттары еніп отыр. Жинаққа енген материалдарда отандық көркемсуретті және деректі кино, белгілі киногерлердің шығармашылығы, жастар киносы, жекелеген фильмдер, т.б. туралы жан-жақты талданып, қарастырылады. Кітап өнер саласының мамандары мен зерттеушілеріне, кинотанушыларға, мәдениеттанушыларға, гуманитарлық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, жалпы өнер сүйер көпшілік қауымға арналған.

 

Рахманқызы Н. Кино және уақыт: мақалалар, зерттеулер, сұхбаттар. - Алматы: Алматы-Болашақ, 2025. - 352 б.      


Санаты: өнер
Жыл: 2025
Сақтау орны: аб, ф1, ф2, ф8, ф11

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР