Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл. Бұл аз уақыт емес, кезінде ортақ Отанымыз уақытымен түгендей алмағанға - мойынымыз бен ниет, көнілімізді енді ғана бұрып, қолымыз біртіндеп жетіп жатыр. Ұлы Абайдың: «Сен де - бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан» данышпандық өсиеті негізінде - 80 жыл дегенде, қан майданда, одан бұрын, не кейінде қару мен қаламды қатар үстаған қазақстандық журналистер, әдебиетшілер, ақын-жазушылар туралы анықтамалар түрлі кужаттарға, архивтік материалдарға сүйенумен дайындалып, жазылған. Олардың сол тұстардағы деректері қысқаша, ықшамдалған күйде алынған. Бұлардың барлығы да майдангерлер, көпшілігі офицерлер, бәрі дерлік марапаттылар, араларында «Алтын Жұлдыздылар», соған екі мәртеден үсынылғандар, қаза тапқандар бар.
Қару мен Қалам: Майдангер қаламгер хақында. - Алматы: SUNSHINE plus, 2025. - 224 б.
Санаты: тарих
Жыл: 2025
Сақтау орны: аб, ф1, ф2, ф8, ф11, ф16