Мың бір бітік
Автор Зәкенұлы Т.

«Мың бір бітік» атты бұл жинаққа тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынхан Зәкенұлы Қайыркеннің бұған дейін жарық көрген және соңғы уақытта жазылған бір бөлім ғылыми мақалалары топтастырылған. Үш бөлімнен тұратын кітапта тарихтың дәуірлік-хронологиялық тәртібі бойынша байырғы дала өркениеті, көшпенділер мәдениеті мен отырықшылық мәдениеттің қарым-қатынасы, көне жібек жолы бойындағы байырғы қалалар, көк түріктердің жазу мәдениеті, бітік жазулары және олардың тарихи негіздері, Орталық Азиядағы діни-рухани байланыстар, қазақ этногенезімен қатысы бар байырғы этностар (оғыздар, ежелгі ұйғырлар және ойраттар), Қазақ хандығы кезеңі бойынша қысқаша дерекнамалық, тарихнамалық көзқарастар, т.б. мәселелер зерттеп-зерделенген. Кітап қазақ тарихының ерте, ортағасыр кезеңдері бойынша қызығушылық танытатын барша көзіқарақты оқырманға арналған.


                                                                             
Зәкенұлы Т. Мың бір бітік: тарихи зерттеулер. - Алматы: Алматы - Болашақ, 2025. - 488 б.   

 

Санаты: тарихи
Жыл: 2025
Сақтау орны: аб, ф1, ф2, ф8, ф16

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР