Қазақ әдебиетінің бір бәйтерегіне айналып тақпақ, өлең, баллада, өлеңді ертегі, өлең мысал жаратып өткен Өтебай Тұрманжанұлы балалар әдебиетінің классигі. Балалар әдебиетінің шығарманы тамырынан ұстап талдайтын танымал сыншысы, деректі ғұмырнамалық прозаның шебері аталмыш кітапта Өтебай Тұрманжанұлының тар жол, тайғақ кешулерден тұратын қилы-қилы өмір жолын тағдыр тұтып әңгімелейді. Тағдырмен тайталаса жүріп жасаған шығармашылық аңсар мұратын, соңына қалдырған әдеби мұрасын ақынның талайлы тағдырымен генетикалық бірлікте жанр талабына қарай талдайды. Архив ақпар дерегіне сүйене жазылған ғұмырнамалық шығармада туындыгердің балаларға, жас өркенге, жалпы оқырманға айтары айшықты, тілі шұрайлы.
Ергөбек Қ. Өтебай Тұрманжанұлы. - Алматы: Балалар әдебиеті, 2025. - 208 б.
Санаты: әдебиеттану
Жыл: 2025
Сақтау орны: аб, ф1, ф2, ф8, ф11, ф16