Аса көрнекті әдебиет сыншысы, ғалым, философ, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Сағат Әшімбаевтың бұл жинағына туған әдебиетіміз жайлы сын еңбектері мен ойтолғаныстары, адам бойындағы азаматтық пен адамгершілік сияқты ізгі қасиеттер туралы әр жылдары жазылған мақалалары іріктелініп алынды. Қазақ әдебиетінің ұзақ жылдар бойы жүріп өткен жолы жайлы тағылымды сыр шертетін бұл тамаша еңбектер кеше қандай қажет болса, бүгін де сол мәнмаңызын, өміршеңдігін жойған жоқ.
Әшімбаев С. Азаматтыққа адалдық: әдеби-сын мақалалар, зерттеулер, толғаныстар. - Астана: Фолиант, 2025. - 360 б.
Санаты: әдебиеттану
Жыл: 2025
Сақтау орны: аб, ф1, ф2, ф8, ф11, ф16