Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романына қазақ елінің тарихи мекендерінің бірі Жамбыл облысына қарасты Жуалы ауданының Мыңбұлақ ауылында туып-өскен Барсхан деген баланың өмірі арқау болған. Ал шығармадағы негізгі кейіпкер — Барсханның анасы Айша. Күйеуі Мұртаза тұтқындалғаннан кейін үш баласымен қалып, колхоздастыру науқанының құрбаны болған Айша ана арсыздықпен арпалысып, балаларының болашағы үшін күреседі. Айшаға күш беретін — Жаратушы, ал оны жұбататын — аспандағы Ай. Автор Ай мен Айшаның арасында тамаша рухани байланыс орнатқан. Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Мұртаза Ш. Ай мен Айша: роман. – Алматы: Қазақстан, 2008. – 456 б.
Санаты: роман
Жыл: 2008
Сақтау орны: аб, ф1во, ф2