Еңлік - Кебек
Автор Құдайбердіұлы Ш.

Қазақ ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының бұл жинағына «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Ләйлі-Мәжнүн» және т.б. поэмалары мен өлеңдері, проза, қарасөздері енгізілді.
Ескі қазақ тұрмысынан алынган поэмалардың негізгі мәсе лесі әлеуметтік жағдайлар, мінез-құлық жайы. Шәкәрім адам бойындағы жаман мінездер мен әдеттерді сынайды. Оның басты мақсаттарының бірі ұрпақ тәрбиесі. Заманның, қоғамның түзе луі жеке адамды түзеу деп түсінген. Шәкәрімнің ой-толғамдары «таза адам» тәрбиелеу мақсатына негізделіп, қоғамға пайдалы тұлға ретінде каралады. Өмірдегі ащы шындыкты тура, дәл суреттеу аркылы ақын халық өмірін жақсартуды ойлайды. Оның өлеңдері мен карасөздері әлеуметтік ортада өмір сүрудің қағидалары сияқты.

 

Құдайбердіұлы Ш. Қалқаман - Мамыр. Еңлік - Кебек. Ләйлі - Мәжнұн. Өлеңдер. Проза, қарасөздер. – Алматы: Өлке, 2017. – 416 б.

 

Санаты: қазақ әдебиет
Жыл: 2017
Сақтау орны: аб, ф.8

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР