Жазушының прозадағы үшінші көлемді туындысы — «Шырағың сөнбесін» романы. Тахаң баяғыда, отыз жастың маңайында жүрген шағында ұсынған «Қаһарлы күндер» романында соғыстағы тірліктің қалай болғанын, қас дұшпанмен кім қалай арпалысқанын жазса, енді елу жасқа толар шақта қағазға төккен мына «Шырағың сөнбесін» романында соны соқпаққа түсіп, соғыстың неліктен болмауы керектігін, адамзаттың неліктен соғысу үшін жаралмайтынын баян етті.
Ахтанов Т. Шырағың сөнбесін: роман. – Алматы: Жалын, 1992. – 400 б.
Санаты: қазақ әдебиет
Жыл: 1992
Сақтау орны: аб, кх, ф8