Әйгілі неміс жазушысы Э.М. Ремарктің «Үш жолдас» романы—әлемнің миллиондаған оқырманының жүрегін жаулап алған ғажап туынды. Онда автор Бірінші дүниежүзілік соғыстан оралған неміс сарбаздарының қайғылы тағдырын сөз етеді, буржуазиялық құндылықтардан көңілі қалған майдандас жолдастар ендігі жерде өз арасындағы мызғымас берік достыққа сүйенеді, адал махаббаттан тірек іздейді… Соғыстан кейін қалыпты өмірге оралып, шағын автокөлік шеберханасын құрып, қарапайым тіршілік кешіп жатқан үш жолдасты өткеннің елесі әлсінәлсін мазаласа да, олар мойымайды, өйткені адал достықтың мықты іргетасын ештеңе де құлата алмайтынына сенімді. Бас кейіпкер Робби өзінің сүреңсіз тірлігі сұлу да нәзік бойжеткен Патпен танысқаннан кейін жарқырап кеткендей сезінеді. Дегенмен сұрапыл жылдардың ауыр зардаптары «жоғалған ұрпақ» өкілдерінің санасында ғана қалған жоқ, олар күнделікті өмірде де соғыс салған жарақаттан әлі айыға қоймады. Жазушы адамдар арасындағы шынайы қарымқатынасты шебер суреттей отырып, оқырманды адал достыққа, қиын сәтте бірбірін қолдауға үндейді.
Ремарк Э.М. Үш жолдас. – Астана: Фолиант, 2025. – 472 б.
Санаты: көркем әдебиет
Жыл: 2025
Сақтау орны: аб, ф1, ф2, ф8, ф11, ф16