Заманай мен Аманай
Автор Жүнісов С.

Сәкен Жүнісовтің қазақ прозасындағы орны ерекше, табысты туындыларының бірі — «Заманай мен Аманай» хикаятында ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы халық ахуалы, тіршілігі көрініс береді. Ұжымдастыру уақытында жат мекен, өзге жерге қоныстанған қазақтардың сұрықсыз өмірі мен күйбең тірлігін суреттейтін, романның жүгін көтерген бұл хикаяттың өскелең ұрпаққа берері мол. Өзге мекенде күн кешіп, өзге бұлақтан су ішіп, өзге ауамен тыныстаса да, жүрегі туған жер деп соққан жандардың кіндік қаны тамған өлкені сағынуы, аңсауы оқырманның тұла бойын нәзік сезімге толтырып, ұлтын, Отанын сүюге үндейді.

 

Жүнісов  С. Заманай мен Аманай: хикаят. – Астана: Фолиант,2025. – 232 б. – (Қазақ балалар әдебиеті).

Санаты: қазақ әдебиеті

Жыл: 2025

Сақтау орны: ф1до, ф8до, ф11до, ф12, ф13, ф16до

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР